- дәл осылай бірінші «Алматы марафоны» аталды және дәл осы ұранды Қазақстандағы енді басталып келе жатқан жүгіру үрдісінің алғашқы мыңдаған қатысушылары қолданды.
«Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры – ең алдымен, «Алматы марафоны» және еліміздегі жүгіру үрдісінің дамуына қызығушылық танытатын, өз жобаларына жан-тәнімен кірісетін кәсіпқойлар командасы.
Кез-келген жобаның табысқа жету кепілі – бұл бірлесіп жасалған жұмыс және алға қойылған үрдістер. Біздің ұжымда әр қызметкер өз ісіне жауапты және өзінің аймағын бар зейінін аудара қадағалайды.
2012 жылы «Алматы марафоны» ұйымдастыру комитетінде небәрі 3 адам болған. Қазіргі таңда фонд командасы 20 адамнан тұрады. Сол уақыттан бері қатысушылар саны да, іс-шараның ауқымдылығы да өсті, «Алматы марафоны» халықаралық жобаға айналды, бұл өсудің жоғары деңгейі емес, біз өзімізге өте өршіл мақсаттар қоямыз және нық қадаммен сол мақсаттарға жету жолындамыз. Бүгінде «Бірінші болу батылдық» корпоративтік қоры тек «Алматы марафоны» ғана емес, сонымен қоса жылына 20-дан аса басқа да іс-шаралар: жүгірулер, жүзуден жарыстар, вело-жарыстар, пауэрлифтинг, триатлон және ММА.